Қарағандыда Наурызға орай 300 киіз үй тігілді

Қарағандыда Наурызға орай тұп-тура 300 киіз үй тігілді. Оның 30-ы облыс орталығында болса, қалғаны өзге аудан-қалада сап түзеген.

Ал орталық саябақта күн-мен түннің теңелгені жайлы жарқын театрлық қойылым көпшілікті тәнті еткен. 

Бүгін Қарағандылықтар нағыз көктемнің шуағына шомылды десе болады. Күн райы да жылы, көпшілікте бір-біріне мейіріммен қарап, лебізін білдіреді. Арқада мұндай той көптен бері болмаған.

Ермағанбет Бөлекбаев, Қарағанды облысының әкімі:

- Бірлігіміз жарасып, мемлекетіміз әр дайым көркейе берсін. Отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілеймін. Шаңырақтарыңыз биік болсын. Наурыз мейрамы құтты болсын.

Ақ шағаладай сап түзеген киіз үйлерде қазақтың салт-дәстүрі, ежелде тұрмыста пайдаланған керек-жарақтары көрсетілген. Оған қоса ұлттық киімдердің таныстырылымы өтті. Бұл күні көпке көңіл-күй сыйлап, құмай тазы, қыран бүркіт, жүйрік ат жетектеп жүргендер де табылды.

Блиц: 

-Ал, наурыз құтты болсын, ақ мол болсын, бәріне денсаулық тілеймін бастысы

- Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын, Алла наурыздан наурызға жеткізіп, молшылық болсын. Ақ мол болып, жолымыз бола берсін. Өсіп келе жатқан нәрестелер аман болсын.

Қарағандыда наурыз мейрамына орай мерекелік бағдарламалар амал мерекесінен, яғни 14-ші наурыздан бері басталған. Бүгін  жалпы қала тұрғындарына арналған ең ірі шара өткізіліп отыр. Ұлыстың Ұлы күні республикалықақындар айтысымен түйінделеді.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайран Ақанбев, Зарина Зұлпыхар