«Риддер ЖЭО» АҚ айыппұл салынды

Былтыр қарашада тұтас қаланы жылусыз қалдырған Риддер жылу электр орталығының жұмысына тексеріс жүргізілді.

Техникалық жағдайы ақсап тұрған мекемеден заңнамаларды бұзудың 240-тан астам фактісі анықталды. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 11 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды. Аталған кәсіпорын жылу энергиясын тиісті деңгейде жеткізбегені үшін 21 мың тұтынушыға келтірген 63 млн теңгеден астам залалды өтеді.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- Бүгін Риддер қаласында аймақтық төтенше жағдай жарияланды. Бұл Риддер Жылу Электр Орталығы жұмысында кемшіліктердің пайда болуына байланысты. Өкінішке қарай, станцияның жаңа иесі "рн джи ка" компаниясы ешқандай белсенділік танытпады. Осы кезеңде кредиторлық берешек күрт өсті және ол 3 миллиард жүз миллионнан асты. 6 қарашада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындаған компанияларға көмір, мазут, электр энергиясын жеткізуде, еңбекақы төлеуде проблемалар болды.