Павлодарда сынаптан ластануға қарсы кешенді шара жүргізіліп жатыр

Павлодар облысындағы сынап қалдықтары көмілген аумақта кешенді жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – қауіпті заттың өзен-суларға, топыраққа және ауаға таралмауына жол бермеу.

Былтыр Былқылдақ көлінің маңында жерасты қоймасының құрылысы басталған. Ол нысан күзде дайын болады. Ұзындығы – 2,5 шақырым. Құрылысқа 750 млн теңге бөлінген.

Еске салсақ, Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аумағында химиялық апаттан соң 1000 тоннадан астам сынап көмілген. Қауіпті зат сыртқа шығып кетпеуі үшін үнемі бақылау орнатылған.

Дияр Қайыркенов, облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурастары басқармасы басшысының орынбасары:

- Мамандар жыл сайын ауа, су және топырақтан 300-ге жуық сынама алып, зерттейді. Ал өткен жылы Ертіс өзенінде де мониторинг жүргізіле бастады. Сынамалар өзеннің түбіндегі шөгінділерінен де алынады. Зерттеулер нәтижесі бойынша сынаптың өзен-суларға түсіп кетуіне ешқандай қауіп жоқ деуге болады. Себебі кешенді жұмыс үздіксіз жүргізіледі.