loader


Астанада «Qnet» қаржы пирамидасын құрған ер адам ұсталды

Компания елорда мен Ақмола облысы аумағында 3 жыл бойы жұмыс істеп келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті салымшылардан 463 млн теңге жинап, қаражатты кәсіпкерлікке емес, қаржы пирамидасының қызметіне жұмсаған. Осылайша, жаңадан қосылған адамдардың жарналары есебінен ескі салымшылар пайдаға кенелуді көздеген.

Қалдырбай Нұрсұлтан, ҚР ҚМА Тергеу департаменті басқарма басшысының орынбасары:

- «Qnet» халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция қызметі түрінде жасырылды. Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға «қамауда ұстау» шарасына санкция берді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.