Оралда мектеп оқушысы мультсериал түсірді

Оралда мектеп оқушысы түсірген мультсериал көрермен назарына ұсынылды. Идея авторы Досжан Бөкенбай.

Ал анимациялық картинаның бас кейіпкері Дарын есімді жеткіншек. Мультфильмде оның күнделікті өмірде достарымен бірге өткізген қуаныш пен күйзеліске толы сәттері көрініс тапқан. Оқиға желісі Орал қаласының көрікті жерлерінде өрбиді. Туындыда махаббат пен достық, өнер мен еңбекқорлық тақырыбы қамтылған. Саундтректі де оқушылардың өздері жазған. Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен. «Жас таланттардың анимациялық сериалы көңілден шықты, енді жалғасын көруге асықпыз»,- дейді оралдықтар.

Досжан Бөкенбай, жоба авторы: 

- 2021 жылы алғаш рет сурет мектебіне барған кезде  ойға келді. Яғни суретшілер туралы мультфильм шығарсам деген. Содан кейін топ жинаймын дедім, жаздың басында кастинг жарияладым. Художниктер мен аниматорларды жинап осындай кішігірім құрам құрадық және жұмыстандық.

Сондай-ақ...