Аралдағы № 62 мектептің метериалдық-техникалық базасы жаңғыртылды

Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Жарасқан Әбдірашов атындағы № 62 мектеп-лицейдің метериалдық-техникалық базасы толықтай жаңартылды.

Жобаға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған  «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан 250 миллион теңге бөлінген. Облыс орталығынан 446 шақырым қашықтықта орналасқан бұл білім ұясының іргетасы 36 жыл бұрын қаланған. Содан бері құрал-жабдықтары жаңармаған. Оқу ошағында 1260 бала білім алады. Мектептің 33 оқу кабинеті мен қосымша білім беруге арналған шеберлік сыныптары толық жаңадан жабдықталды. STEM - зертхана, арт-студия, телестудия және интеллектум-кабинет ашылып, акт залы мен кітапхана заманауи техникамен жабдықталды.

Аслан Айтахметов, жоба менеджері: 

- Мектептерді таңдау принципі ол мектеп аудан орталығында болуы керек. Өйткені болашақта бұл мектептер өзінің алған тәжірибесін жанындағы магниттік мектептерге трансляция жасай алу мүмкіндігі болуы керек.