ҰҚК 100 келіден аса героин тәркіледі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 100 келіден аса героин тәркіледі.

Олар Қырғызстанның Ішкі істер министрлігімен бірлесіп бірнеше сатылы арнайы операция өткізді. Нәтижесінде есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасы жойылды. Құзырлы органдарға Қазақстан арқылы шетелге шығатын апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпарат келіп түскен. Қазір күдікті ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, халықаралық есірткі трафигі арналарының жолын кесу бойынша жұмыс жалғасады.

Аркен Абдуғали, ҰҚК ресми өкілі:

- Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткіні өткізуді ұйымдастырушының өзі болып табылатын шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды. "Жедел қызметкерлердің және "А" Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды.