Атырауда балық шаруашылығы өркендеп жатыр

Балық өнімдерін өңдеуші кәсіпорындар үшін қосымша құн салығының 70 процентке азайтылуы Атырау балықшыларына үлкен қолдау болғалы тұр.

Былтыр облыстағы 19 кәсіпорын Жайық-Каспий бассейніне қарайтын өзеннен 12 мың тонна балық аулады. Бірақ оны терең өңдеу мүмкін болмағандықтан, экспортқа шикізат күйінде шығарылды. Облыста Балық шаруашылығын өркендетудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы негізінде 9 жоба іске қосылады. Оның ішінде тоған шаруашылығы, тауарлы балық фермалары мен балық өңдейтін цех жобалары бар. Бүгінде Атырауда балықты халықаралық стандарттарға сай өңдейтін 3 шаруашылық жұмыс істейді. Олар балықтың 30 түрінен 120-ға жуық өнім өндіреді.

Гүлфара Смағұлова, серіктестік директоры:

- Негізі біздің көңіл аударып жатқанымыз аквакультура- жасанды жолмен балық өсіру. Біздер «қызыл балықтың» шабақтарын өсіру, сосын тауарлы балық өсіру жөнінде проектілдерін жасап тапсырып қойдық. Жақында ол шешіледі деген ойдамыз. Үнемі тек балықты аулай бермей, өзіміздің үлесімізді қолсқымыз келеді. Оның үстіне қазір балық шаруашылығына өсіргенге, терең өңдеуге субсидия берілгелі жатыр.