loader


Биыл 69 мың шетелдік көлік заңдастырылды

Биыл 23 қаңтар мен 26 наурыз аралығында 69 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды.

Ішкі істер министрлігі ұсынған ақпарат осындай. Оның ішінде темір тұлпарлардың 67 проценті Ресей Федерациясынан, 19 проценті Армениядан, шамамен 10 проценті Қырғызстаннан және 2 проценті Грузиядан әкелінген. Көлік құралдарының сәйкестігін алдын ала тексеру процесі толық автоматтандырылған. Қылмыстық есеп, кедендік база және басқа да ақпараттық жүйелер қарастырылған.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

- Ішкі істер министрлігі басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 23 қаңтарынан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жүргізуде. Өтініштер барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және электрондық сервис арқылы қабылданады. Сондай-ақ азаматтарға арналған электрондық үкімет порталында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді.