Шымкентте оқушылардың улануына қатысты тексерістің қорытындысы жарияланды

Шымкентте оқушылардың жаппай улануына қатысты жүргізілген зертханалық талдау сынамаларының алғашқы қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеріс барысында оқушылар тамақтанған ыдыс-аяқтардан ішек таяқшасы анықталды.

Еске салайық, республикалық пән олимиадасына келіп, сырқаттанған 15 оқушы да қаладағы №5 жатақханаға орналастырылған. Осындағы асханада тамақтанған. Кейін дене қызулары көтеріліп, өздерін әлсіз сезінген балалар ауруханаға жеткізілген. Қазір асхана жұмысын уақытша тоқтатты. Науқастардың денсаулығы жақсы. Ауруханадан шығарылып, үйлеріне қайтарылды. Оқиға бойынша тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Алдарқұл Ахметов, қалалық СЭБД басшысының орынбасары:

- Зертханалық зерттеу нәтижесін толық бізге беру керек. Тағы да сол бойынша зерделеп, қорытынды шығарылады. Аудандық полиция басқармасына осы жағдайдың қылмыстық әсері бар ма, жоқ па біз басқармаға жаздық.