Қызылордалық шаруалар егіс көлемін 7 мың гектарға ұлғайтады

Сыр диқандары биыл 195 мың гектарға егін егеміз деп отыр.

Оның ішінде негізгі дақыл күріш алқабы – 84 мың гектар. Мал азығы мен майлы дақылдардың үлесі де артады. Ерте көктемнен жер жырту, топырақ тегістеуге кіріскен шаруалар 22 мың тоннадай тұқым дайындап, оны сәуірдің басында себе бастайды. Өңірде негізінен ресейлік сұрыптар егіледі және жергілікті ғалымдар өндірістік сынақтан өткізген тұқымдар да агроайналымға енеді. Күріштен бөлек, жаздық бидай, арпа, мақсары, жоңышқа тұқымы дайындалған. Өсімдік қорғау үшін қажетті 100 мың тоннадан астам минералдық тыңайтқыш қоры жасақталды. Көктемгі дала дүбіріне қажетті 20 мың тоннадай жанар-жағармай жеңілдетілген бағамен бөлініп отыр.

Биыл көкөніс пен бау-бақша дақылдарын егуге де аса мән берілмек. Облыс бойынша алғаш болып, Жаңақорған ауданындағы Жайылма ауылының диқандары қауын-қарбыз егуді бастап кетті.

Бағдат Мұсатаев, шаруа қожалығының төрағасы:

- Су жаман емес. 30 га жерге ұңғымалы шахталық құдықпен әрекет жасап жатырмыз. Жарығымен насостар қойып қойғанбыз. Соның арқасында 50 жыл бұрын егілген жерлерді пайдаланып жатырмыз.

 

Сондай-ақ...