Петропавлда інжір ағашы гүлдеді

Петропавлдағы ботаникалық бақта Рамазан айында інжір гүлдеді.

«Бұл жылына бір рет болатын құбылыс», - дейді мамандар.

Ал биыл субтропикалық ағаш тура қасиетті ораза айының алдында жеміс берді. Жергілікті агроном оның дәндерін осындан 40 жыл бұрын Сухуми қаласынан әкеліп егкен. Сонымен қатар оранжереяда кубалық лимон, мандарин секілді жемістер бүршік атқан. Ботаникалық бақта олар қысы-жазы ерекше күтімде болады. Бүгінгі таңда мұнда 2 мыңнан аса өсімдік бар. 

Артур Разяпов, ботаникалық бақтың директоры:

- Інжір 5 мың жыл бұрын белгілі болған ағаш түрі. Оның құрамында адам ағзасына пайдалы дәрімендер бар. Сондықтан адамдар осы жеміспен ауыз ашады. Жалпы биыл көктем екі айға ерте шықты. Күннің жылуынан бақтағы кейбір өсімдіктер ақпанның 10-ына қарай гүлдей бастады.