Қайрат Боранбаевтың неше жылға түрмеге қамалуы мүмкін екені аталды

Прокурор Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады.

Бүгін елорданың Сарыарқа аудандық №2 сотында Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзаққа қатысты қылмыстық істі қарау жалғасты. Олар газды қайта сату кезінде 14,5 млрд теңге жымқырды деп айыпталуда. Үшеуі де сотта өз кінәсінен мойындаған жоқ. Мемлекеттік айыптаушы Боранбаев жазасын орташа қауіпсіздік режиміндегі колонияда өтеу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, "Азия Газчунджа" бас директоры Роман Наханов пен QazaqGaz Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа да 8 жыл бас бостандығынан айыру жасасын сұрады. Естеріңізге сала кетейік, Боранбаевқа қатысты сот Астанада былтыр желтоқсан айында басталған болатын.