Қонаев қаласында әйелдерге көмек көрсету орталығы ашылды

Қонаев қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жандарға арналған әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылды.

Орталықта  психологиялық, құқықтық және медициналық қызмет түрлері тегін. Мекемеге негізінен тағдыр тауқыметін тартып, отбасылық қиндыққа тап болған әйелдер қабылданады. Егер тұрмыстық әлеуметтік жағдайы жақсармаған жағдайды олардың бұл орталықта алты айға дейін тұруына рұқсат. Жалпы өткен жылы облыста тұрмыстық зорлық көрген 86 әйел құқық қорғаушылар көмегіне жүгінген. Олардың барлығы Алматы қаласындағы дағдарыс орталығына жіберілген. Ал облыста алғаш рет ашылған мекемеге 50 адам қабылданатын болады.

Мұрат Қалиасқаров, облыстық ПД жергілікті полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Отбасылық, тұрмыстық қатынастар саласында 27 қылмысқа жол берілді. Оның ішінде 15 қылмыс әйелдерге қатысты. Атап айтқанда жеке тұлғаға. Адамдар бар хабарласып, өзінің арыз шағымдарымен келіп, арыз түсіріп отырған. Сондықтан олармен қазір жұмыс атқарылып жатыр.