Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданында жылу құбыры құлады

Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданында ұзындығы 200 метрден асатын жылу құбыры құлады.

Салдарынан 466 үй жылусыз қалды. Аталмыш жылу құбыры 2020-2021 жылы пайдалануға берілген. Қазір құбырды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әсен Жақсылықов, Зеренді ауданының әкімі:

- Апат салдары анықталып жатыр. Екі жүз метрден асатын жылу құбыры жолға құлаған. Қазіргі уақытта резервтегі қазандықты іске қосып, кешкі алтыдан бастап жылу береміз. Үйлердегі температураны сақтап қалуға тырысып жатырмыз. Тұрғындар жылусыз қалмайды.