loader


Nauryz ұлттық телесериалдар бәйгесінің номинаттары белгілі болды

Екі күннен кейін еліміздің үздік телехикаялары мен онда ойнаған актерлар анықталады.

Nauryz ұлттық телесериалдар бәйгесінің номинаттары бүгінде белгілі. Шорт-параққа 52 үміткер ілінген. Арасында «Хабар» агенттігі әзірлеген тарихи сериал «Мәншүк», «Ақ пен қара» және комедия жанрындағы «Келінжан» хикаялары бар. Айта кетерлігі, «Келінжан» сериалы бірден алты аталым бойынша үздіктердің қатарынан көрінген. Бәйгенің мақсаты – сериалдық контентті дамыту, отандық және халықаралық онлайн-платформаларда қазақстандық сериалдардың танымалдығын арттыру. Жеңімпаздар NAURYZ мүсіншесімен бірге, 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі 31-наурызда Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өтеді.