Елордада Президенттік бал өтті

Елордада жыл сайынғы жоғарғы оқу орны студенттері ұйымдастыратын Президенттік бал өтті. 

Шараның мақсаты - “Қоғамға қызмет” бағдарламасы аясында жас ұрпақты рухани тұрғыда дамытып, қайырымдылықты насихаттау. Бұл жолы да әдеттен жаңылмай дебютанттар өздерінің дәстүрлі билерін орындады. Шараға биыл 50 жұп қатысты.  Дәстүрлі жиынның өтуіне тек жастар ғана емес, жоғарғы оқу орнының  басқарма мүшелері де атсалысты. Президенттік бал жылдан -жылға қарқынды түрде дамып, жаңа деңгейге көтеріліп жатыр-дейді ұйымдастырушылар.

Мұхамеджан Ерболат, КАЗГЮУ басқарма төрағасының орынбасары: 

- “Президенттік бал” 2013 жылдан бастап есептеген кезде, шамамен 13 рет өткізіліп отыр. 10 жыл қатарынан өткізіліп келе жатыр. Шамамен 2 айдай дайындалады. 2 ай дайындық. Сабақтарынан тыс, жиналып , дайындалады. Жеңімпаздарға бұл жерде арнайы берілетін тәж бар, демеушілерден сыйлықтар бар. Ең бастысы жылдың Тәжі.