Ақтөбе облысында қараусыз қалған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ат шаптырым алқапты меншіктеп алып, не жайылым етпей, не шөп шаппай отырған шаруаларға шара қолданылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбе облысында былтыр мұндай 535 мың гектар жер анықталып, мемлекетке қайтарылған. Ауыл шаруашылығына тиесілі аумақтарды тексеру барысында 288 кәсіп иесі жер қатынастары туралы заң талаптарын бұзғандығы анықталды. Әсіресе Әйтеке би, Байғанин мен Шалқар аудандарында қараусыз қалған алқап көп. Төрт түліктің жайылымы мен шабындықтарын зерделеу нәтижесінде 10 ірі шаруа қожалығы мемлекет меншігіне өз еркімен 239 мың гектар жерді қайтарды. Қазір Ақтөбе облысының шаруаларына 85 мың гектар жайылым жер жетіспей жатыр. 

Нұрлыбек Аманқұлов, облыстық Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары:

- 2023 жылға келетін болсақ, 47 субъект тексерілді. 28 100 га алаңда. Ауылшаруашылық жерлер бойынша 20 мың га мемлекетке қайтарылды. Олар әрі қарай конкурсқа жариялануға шығарылады. Ауылшаруашылық жерлері конкурспен алады. Ал коммерциялық мақсаттағы жерлерді, яғни бизнеске арналғанды аукционмен алады.