Алматыға аққулар оралды

Алматыдағы ботаникалық баққа аққулар оралды.

Қыста жылы жаққа ұшатын қос аққу, күзге дейін осындағы көлді мекендейді. Бақ әкімшілігі айдын көлдің еркесін әркім қолдан қоректендіруге болмайтынын айтады. Мұнымен тек кәсіби мамандар айналысады. Өйткені құстар қорегінің тәуліктік межесі бар. Одан асып кетсе құсқа обал болады.