Жезқазғанда 20-дан астам үйге ауызсу берілді

Жезқазғанда 1 аптаға жуық ауызсусыз отырған 20-дан астам үйге ауызсу берілді.

Қаланың батысында орын тепкен жаңа шағын аудан осыдан 2-3 жыл бұрын ғана бой көтерген. Тұрғындар тіршілік нәріне қатысты мәселе сол уақыттан бері жалғасып келе жатқанын айтады. 6 күн бұрын әуелі судың қысымы төмендеп, кейін мүлде келмей қалған. Сала мамандары апаттың себебін анықтап, қалпына келтіргенше біраз уақыт өтті. Бұл аралықта тұрғындар суды өздері тасып ішкен.

Торғын Ескендірова, Жезқазған қаласы әкімінің баспасөз-хатшысы:

- Белгісіз тұлғамен су беру жүйесінің ысыртпасы жабылғаны анықталды. Қазіргі таңда Батыс аудандағы үйлерге толықтай су берілді.