Президенттің атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары ортақ қазақ және өзбек халықтары Рамазан айын бейбітшілік пен тыныштықта, өзара құрмет пен бірлік рухында қарсы алып жатқанын жазды. Сондай-ақ Сауд Арабиясының Королі, Сауд Арабиясы Королінің Тақ мұрагері,Біріккен араб Әмірліктерінің Президенті, Қатар Әмірі, Иран Президенті мен бірқатар елдердің үкімет басышлары және өзге де лауазымды тұлғалары құтықтап, игі тілектерін жеткізген.
«Соңғы жылдары біздің өзара күш-жігеріміз бен жақын достық байланыстарымыз бауырлас халықтар арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынасты жаңа деңгейге көтерді. Бұл ортақ нәтиже біздің өңірдің өркендеуіне үлес қосып келеді. Осынау қасиетті күндері мен Жаратушыдан Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еліңізді дамытып, көркейту жолындағы қызметіңізге табыс, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін».
