Жайықтан екі тоннадан астам қоқыс жиналды

Атырауда «Таза жағалау» акциясы аясында Жайық өзенінің төменгі сағасынан 2 тоннадан астам қоқыс жиналды. 

Оның ішінде әуесқой балықшылардан қалған тұрмыстық қалдықтар және 300 метрге жуық синтетикалық ау-құралдар шығарылды. Бұл өнімге шырмалған мақұлық тірі қалмайды екен.  Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастырылған "Таза жағалау" акциясы сәуір айының аяғына дейін жалғасады.

Бауыржан Орақұлы, балық инспекциясы бөлімінің бас маманы:

- Бүгін түске дейін 15 қаптай қатты қалдық жиналды. Осы тұрмыстық қалдықтардың ішінде пластик бөтелкелер, әртүрлі шыны ыдыстар пластикалық ау-құралдары бұлар қоршаған ортаға айтарлықтай зиянын тигізіп отыр.  Бұлар пластик өнім болғандықтан 50 жылда да шірімей, бұзылмай табиғатқа зиян келтіреді. Жайық өзені Атыраудың ең басты байлығы деп есептейтін болсақ, тазалық жұмысына атсалысуға шақырамыз.