Неврологиялық ауруға ұшыраған балалардың тұсауы кесілді

Астанада неврологиялық ауруға шалдыққан балалардың тұсауы кесілді.

Балақайларды аяғына тік тұрғызып, тәй-тәй басқызған елордалық оңалту орталығының мамандары. Церебралды сал ауруы диагнозы қойылған бүлдіршіндер мұнда екі жылдан бері ем-дом алып келеді. Жалпы, бас шаһардағы мекеме он жыл бұрын ашылған. Қазір Алматы, Атырау мен Шымкентегі филиалдарында 150-ге жуық маман жұмыс істейді. Олар неврологиялық дерттен бөлек, жүрек қан-тамырына ота жасаған бүлдіршіндерге де оңалту қызметін көрсетеді. Мамандар 10 жылдың ішінде мүлде жүре алмайтын 200-ге жуық баланы оңалтқан. Қазір олар емін-еркін жүріп-тұрады.

Гүлмира Әлиева, қала тұрғыны:

- Жақсы қарайды, лфк, массаж алады. Психолог, деффектолог барлығы бар енді. Соған ризамыз. Үміттенеміз, енді ертең бала жүріп кетсе сол жақсы болар еді бізге. Екі жылдай болып қалды келіп жүргеніне. Енді дәрігерлердің сөзіне қарағанда бала жүреді дейді.

Ұлжалғас Мүхамбетова, «Жұлдызай» оңалту орталығының директоры:

- Сол мерекені әрі өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көрсету, әрі біздің мамандарға мотивация жасау, әрі ата-аналарға мотивация беру. Ол біздің ұлттық дәстүріміз. Центрдың мамандарын оқытамыз. Германиядан, Прибалтикадан, Россиядан, Қытайдан менторлар келіп, сабақ беріп, оқытып, әрі практика әрі теория беріп барлық біздің мамандар деңгейі сондай жоғары.