Қорғаныс министрлігі кредиторлық берешекті қайтару жұмыстарын іске асырып жатыр

Қарағанды, Щучинск, Семей және Алматыда бос тұрған нысандар «Әскери құрылыс» акционерлік қоғамына беріледі.

Қорғаныс министрлігі кредиторлық берешекті қайтару бойынша кәсіпкерлермен кездесіп, қордаланған мәселені оңтайлы шешетін болды.Осы орайда  жүзден астам компания медиативтік келісімге қол қойды. Атап айтқанда, бұзылған шарттар қалпына келтірілді. Бұл шара несие берушілер алдындағы қарызды ішінара өтеуге мүмкіндік береді. Мәселен, былтыр 2,7 млрд теңге сомасындағы шарттар қалпына келтіріліп, оның жарты миллиард теңгесі игерілген. Қалғаны биылғы бірінші жарты жылдықта іске асады. 

Сондай-ақ...