Әскердегі әлімжеттік мәселесі қаралды

Әскердегі суицидтің негізгі себебі - материалдық және тұрмыстық проблемалар.

Бұл туралы Сенат депутаттарының мемлекеттік органдармен және сарапшылармен кездесуінде айтылды. Жиынға жиналғандар әскердегі тәрбиені және идеологиялық жұмыстарды жетілдіру керектігіне тоқталды. Әсіресе, ақпарат айдынындағы жағымсыз жаңалықтардың көбейіп кеткеніне назар аударылды. "Осының әсерінен соңғы уақытта баласын әскерге жібергісі келмейтін ата-ана көбейді", - деді сенаторлар. Келелі кеңесте жастардың ынтасын ашып, әскердегі өзекті проблемаларды мейлінше ерте шешуге бағытталған бірнеше ұсыныс айтылды.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Осы мәселеге қатысты көп ұсыныстар айтылды. Жас азаматтарды мектеп жасынан бастап отан қорғауға дауын қылу, отаншылдық сезімін күшейту, сонымен бірге денешынықтырумен АӘС курстарын қатар ала отырып, әскер құрамына сапалы күшті қарулы қазақ азаматтарыцн көбейту туралы ұсыныстар ортаға салынды.