Алматыда қар көшкініне тап болған туристер құтқарылды

Алматыда Бутаков асуынан Букреев шыңына көтеріліп бара жатып қар көшкініне тап болған үш турист құтқарылды.

Оның бірі төменге сырғып түскен. Оқиға орнында ұялы байланыс болғандықтан, ер адамдар құтқарушыларды өздері шақырған. Қаладағы төтенше жағдайлар департаменті мен республикалық жедел-құтқару жасағы барлық туристі Бутаков шатқалындағы автотұраққа дейін аман-есен жеткізеді.