Жетісу облысында егін егу науқаны басталды

Жергілікті шаруалар биыл 500 мың гектардан астам жерге ауыл шаруашылық дақылдарын себеді.

Өңірде негізінен қант қызылшасы алқабын ұлғайтуға басымдық берілмек.

Бектұрған Мұхамадиевтің бес жүз гектардай жері бар. Соның тең жартысына арпа сеуіп жатыр. Дәнді-дақылдан соң 100 гектарға қант қызылшасын егуге кіріседі. Күзден бері дайындық жасаған шаруа жерін  жыртып егістік алқабын дайындап қойған. Арнайы техникасы да сақадай сай тұр.

Бектұрған Мұхамадиев, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Тұқымды алдық. Договорға отырдық. 40 теңге деп отыр. Мен ойлап тұрмын бұл өте жақсы баға деп. Енді жол ақысын төлесе болды. Зауыт қанша теңгесін береді жол ақысына. Неге десеңіз алыс қой, 200 шақырым. Былтыр 4 теңгеден төлеген биыл жақсы болар еді бес теңгесін төлесе.

Жетісу облысында биыл сегіз мың бір жүз гектарға тәтті түбір себу көзделген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі мың гектарға көп. Қызылша өсіретін шаруаларды ынталандыру мақсатында зауытпен тығыз байланыс орнатылған. Әрі мемлекет пен өнім өңдеуші тарапынан берілетін қаражат көлемі артып, қолдау тетігі жетілдірілді дейді,- сала жетекшісі. 

Нұрдәулет Кененбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Бүгінгі күні қант зауыты шетел тұқым өндірушілерден 10 мыңнан астам себу бірлігінің қант қылшасының тұқымын шаруаларға таратып отыр. Сонымен қатар 700 млн жуық шаруашылықтарға аванс ретінде беріп  осының барлығы күзде есеп айрылысатындай жағдай тудырып отыр. Орташа алатын болсақ бір гектарға 100 мың теңге аванс береді. Бұл шаруаларға өте үлкен көмек. Сонымен қатар көлік шығынын өтеп беру жоспарланған шаруа. 

Өңірде қант қызылшасын себу науқаны сәуір айының алғашқы онкүндігінде басталады. Биыл саладағылар 280 мың тонна тәтті түбір жинап, 135 тонна шекер шығаруды жоспарлап отыр.

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев