Қарағанды облысында заңсыз майнерлерге үкім шықты

Қарағанды облысында заңсыз криптовалюта өндірушілерге қатысты сот үкімі шықты.

Олар еркін экономикалық аймақтың салықтан босату жеңілдігін пайдалана отырып, Грузиядан майнинг жасайтын жабдықтар алдырған. Осылайша 1800 дана майнинг құралы және 10 000 дана кабель мен қорек блоктарын заңсыз мақсатта жұмсап, электронды қаржы өндірген. Негізінде зауыт  бастапқыда металлургиялық құрылғылар өндіруі керек еді. Бірақ негізгі жұмыс мүлде тасада қалып, еркін экономикалық аймақпен арада келісімшарт бұзылған. Осыған байланысты, Бұқар жырау аудандық  соты судьясының үкімімен экономикалық контрабанда жасады деген күдікке іліккен «Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты" серіктестігінің бөлім жетекшісі Оспанов Абай есімді азамат 1,5 жылға бас бостандығынан шектелді.

Зарина Құсманова, экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі:

- Осыған қарамастан майнинг құралдары металлургиялық құрылғылар өндірісіне пайдаланылмай, есеіне көп мөлшерде криптовалюта өндіру үшін электр энергиясын тұтынып отырған. Тәркіленген заттардың жалпы сомасы 395 млнт теңге шамасында.