2023 жылы шекара маңындағы ауылдарды дамыту қолға алынады

Биыл шекара маңындағы 140 ауылда 290 жоба іске асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспарға сай елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы жетілдіріледі. Ұлттық Экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында ауылдық аумақтарды дамытудың тұжырымдамасы жайында баяндады. 2023-2027 жылдарға арналған құжатта елді мекендердегі өткізу бекеттерінің инфрақұрылымын жақсарту, цифрлық-эфирлік телерадиохабарын таратумен қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылған.

Сондай-ақ жұмыс күші тапшылығы бар ауылдық округтерде тұрғындардың жалақысына үстемеақы қосу ұсынылып отыр. Бұдан бөлек, Әлібек Қуантыров «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеке қосалқы шаруашылықтарға микрокредиттер берілетінін айтты.

Елімізде шекара маңында орналасқан 1283 ауылда 1 млн 700 мың млн халық тұрады.