Юрий Ильин жер сілкінісінен болатын қауіптің алдын алудың бірнеше тәсілін айтты

Мәжілістің жалпы отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жер сілкінісінен болатын қауіптің алдын-алудың бірнеше тәсілін айтты.

«Алдымен тұрғын үйлердің құрылысына мән беру керек екенін жеткізді. Құрылысшыларға қойылатын талапты күшейту керек. Ал тиісті заңнама қайта қаралу керек»,- деді министр. Сонымен қатар аталған ведомство арнайы жабдық сатып алуды жоспарлап отыр. «Мұндай техника әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. Ол апат болса нысан шыдас бере ме жоқпа соны анықтайды», - дейді Юрий Ильин.