Қарағандыда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Қарағандыда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Келер айдан бастап Қарағанды қаласында 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді. 

Ол үшін «Оңай» картасы болса жеткілікті. Қазір аталған жоба әділет органдарында қаралып жатыр. Бұған дейін 7 мен 18 жас аралығындағы балалар жолға 40 теңге төлеген. Алайда жақында жаңа заң жобасы қабылданып, жергілікті атқарушы биліктің жеке тариф қабылдауына мүмкіндік туған. Осының нәтижесінде Астана мен Павлодар қаласының оқушылары қазірдің өзінде қоғамдық көлікте тегін қатынап жүр. Атап өткен жөн, Қарағанды қаласында осы санатқа келетін 110 мыңға жуық оқушы бар.

Темірлан Талдыбаев, жолаушылар тасымалы бөлімінің бас маманы:

- Бұл бастаманың негізгі мақсаты автобуста тегін жүрігу мүмкіндік беріп, кең мүмкіндік ашу. Яғни сабақтан кейін үйірмелерге, мәдени-әлеуметтік үйірмелерге қатыстыру. Бұл үшін әкімдік атынан өтемақы қарастырылады. Қазіргі таңда біздің жоба бойынша 1 млрд теңге жылына.