Каспий арқылы есірткі тасымалдаған Иран елінің азаматтары ұсталды

Каспий арқылы Маңғыстау облысына есірткі тасымалдаған Иран елінің азаматтары ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша 4 адам ірі көлемдегі еліткіш заттарды біздің елге тасумен айналысқан. Күдіктілер Кендірлі маңында қолға түсті. Олар мінген спутниктік навигация құралымен жабдықталған жүрдек катерді, шекара қызметі анықтады. Тінту кезінде салмағы 10 келіден астам апиын, 10 қаптамаға оралған «Метадон» психотроптық заты табылды. 

Данияр Төлегенов, облыстық прокуратураның басқарма бастығы:

- Олар Каспий теңізімен келу арқылы 15 килограммға жуық апиын есірткі затын сатуға алып келген. Қазіргі таңда соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Былтырғы жылы 2 дерек анықталды, Иран азаматтарымен байланысты. Биылға бір дерек тіркеліп отыр. Бұл, аса ауыр қылмысқа жатады.