Назарбаев Университетінде дәстүрлі діндер съезі жайлы дәріс өтті

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі - бейбітшілікті, келісімді және елдің халықаралық беделін нығайтуға бағытталған үлкен қадам.

Елордада өткен жаһандық жиын жайлы конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев осылай дейді. Ол бүгін Назарбаев Университетінде студенттер мен оқытушыларға дәріс оқыды. Лекцияда сьездің қортынды декларациясы мен маңызы талқыланды. Сондай-ақ, бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың қазақстандық моделін таныстырды. Дәріс соңында студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, сьез жайлы сабақтар бұған дейін елдің 5 университетінде өткен.