Өскеменде жолдағы шұңқырларды кірпішпен бітеп жатыр

Өскемендіктер автокөлік жолдарындағы шұңқырлардың кірпішпен бітеліп жатқанына наразы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ойықтарды толтырған түрлі-түсті кірпіш қала көркін аша түсті деу қиын. Дегенмен сала мамандары бұл әдеттегі жол жөндеу жұмыстары басталғанша ең тиімді шешім деп шаң жуытар емес. Тіпті мұндай әдіс дамыған шет елдерде жиі қолданылады деген уәж де айтады. Өйткені көктем шыға, шұңқырларды бірден жөндеуге кірісу мүмкін емес. Ал ашық шұңқырлар көлік қозғалысына кедергі келтіреді. Жолдарды кірпішпен бітеу – уақытша шара және оған құрылысқа жарамсыздары ғана қолданылып жатыр, - дейді мамандар.  

Талғат Құрманғалиев, қала тұрғыны:

- Бұл ұтымды шешім деп санаймын. Шұңқыр болып, ойылып жатқанша, осылай уақытша бітей тұрған да дұрыс шығар. Енді күн райы түзеле сала, тездетіп кәдімгі сапалы жөндеу басталады деп сенеміз.

Әлібек Тұрсымбетов, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Біріншіден, автокөлік жүргізушілеіне ешқандай қолайсыздық туғызбайды. Екіншіден, қаражат үнемделеді. 3 күн болды, бізде бітеу жұмыстары жүріп жатыр, бұрын кірпіш болған жерлерден кірпіші алынып, арнайы стандартқа сай жұмыстар жүргізіледі.