Қарағанды облысында жылқыдан инфекциялық індет анықталды

Қарағанды облысының Үміткер ауылында жылқы малынан ауру анықталып, карантин енгізілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зертханалық сынамадан кейін індеттің «эпизоотиялық лимфангит» екені анықталған. Аурудың алғашқы белгілері ақпан айында білініпті. Содан бері ауыл тұрғындарының 9 бас жылқысы өліп, 15-і оқшауланған. «Африкалық маңқа» деп те аталатын бұл індет тақ тұяқты жануарларға тән.

Ауылдық округте қазір 2200-ге жуық жылқы малы бар. Қазір ауру ошағы анықталған жерде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Данияр Мерғазин, облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

- Мемлекеттік вет.инспектор тарапынан карантин жариялау бойынша ұсыныс берлді. Осыған байланысты карантин шаралары атқарылады. Ол бойынша жылқы өнімін сатуға шығаруға тыйым салынады. Мал иесіне республикалық қордан өтемақы төленеді.