Елімізде дәрігерлердің кәсіби қызметі сақтандырылады

Елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру ұсынылды. Оның ережелерін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс комитетінің отырысында таныстырды.

Соған сай дәрігер науқастың денсаулығы мен өміріне қатер төндірген жағдайда сақтандыру тәртібі қолданылады. Азаматқа өтемақыны сақтандыру компаниясы төлейді. Келтірілген залал үшін төлемнен бас тартылған жағдайда науқас сотқа жүгінуге құқылы. Сақтандыру жарнасының мөлшері медицина қызметкері тарапынан болған қауіп деңгейі мен тәуекел дәрежесіне байланысты анықталады. Сала мамандары мұндай өзгерісті енгізу көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасын арттыруға әсер ететінін алға тартты.