Әлеуметтік желілерде рұқсат етілмеген митингілерге шақыртулар таратылуда

Әлеуметтік желілерде 9 сәуірде рұқсат етілмеген митингілерді өткізуге және қатысуға шақырулар таратылуда.

Осыған байланысты Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев өз үндеуін жариялады. Бұндай бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі бар. Яғни, алдын ала жергілікті атқарушы билікті ескертіп, рұқсат алу қажет. Заң талаптары сақталмаған жағдайда бұндай жиындар құқық бұзушылық болып табылады. Ал заңсыз әрекетке барғандар жауапкершілікке тартылады, делінген үндеуде.