Оралда тазалық айлығы жалғасып жатыр

Оралда тазалық айлығы жалғасып жатыр. Бүгін дәл осы акция шеңберінде жастар көшелердің бойына көшет отырғызуға кірісті.

Еріктілер қатарында студенттер, мекеме ұжымдары және «Жасыл ел» еңбек жасақтары бар. Акция жаңадан бой көтерген 10-ықшам ауданнан басталды. Дәл осы аумақтың өзіне бүгін 500 көшет отырғызылған. Шаһардың солтүстік-шығыс бетінде пайда болған жаңа шағын аудандарда жасыл-желек аздық етіп тұр. Сондықтан жастар ең алдымен сол аумақтарды көгалдандыруға ден қойған. Олар алдағы демалыс күндері де акцияны жалғастыруды жоспарлап отыр.

Олжас Сейтімов, ерікті:

- Біздер, мәдениет саласы қызметкерлері тарапынан осы ағашты еккен болатынбыз. Орал – өздеріңіз білетіндей, жасыл қала. Жасыл қала болғандықтан біздер оның атауына сәйкес болуымыз керек. Біздер көбірек осындай көшет отырғызуға тиіспіз деп ойлаймын.