Астанада жүзу түрлерінен әскери қызметкерлер арасында спартакиада өтті

Әскери қызметкерлер арасындағы спартакиада. Астанада жүзу түрлерінен Қорғаныс министрлігінің жекелей және командалық чемпионаты өтті.

Оған Қарулы күштердің 35 командасы қатысты. Яғни,  140-тан аса спортшы бірнеше қашықтықта өзара мықтыны анықтады. Атап айтқанда, 50 метрлік бәсекеде Гүлжан Нүсіпова мен Лариса Адамович ең үздік нәтиже тіркеді. 100 метрде Михаил Гаврилов, Алексей Файзуллин, Ерболат Дүйсекенов сияқты жігіттер жеңімпаз атанды. Айта кету керек, жарысқа қатысушлар әртүрлі жас деңгейі бойынша бақтарын сынады. Дәстүрлі өтетін спартакиада әскери қызметкерлердің физикалық дайындығын шыңдап, тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік дейді мамандар. Сонымен қатар, жыл өткен сайын қатысушылардың көрсеткіштері де жақсарып, кәсіпқоц тұрғыда бәсекелестік те артып келеді.