Қонаевта «NAURYZ – 2023» ұлттық спорт түрлерінен спартакиада басталды. LIVE

Қонаев қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында «NAURYZ – 2023» атты  ұлттық спорт түрлерінен спартакиада басталды.

Жарысқа қатысушылар садақ атып, арқан тартысып, асық пен тоғызқұмалақ ойнайды.

Алматы облысындағы мемлекеттік қызметкерлер арасында  ұлттық ойын түрлерінен басталған жарысқа облыстың аудан қалаларынан 200 жуық адам қатысады. Спартиакиада мақсаты ұлттық спорт түрлерін дәріптеп, саламатты өмір салтын насихаттау. Жаңа ғана ашылу салтанатты өтті. Айтулы спорттық сайыс облыста алғаш рет өткізіліп отыр. Ұлттық спорт ұлықталатын бәсекеде жігіттер қазақша күресте  мықтыны анықтайды, стадионда қошқар көстеріп жарысады. Сонымен қатар садақ атудан мергендіктерін көрсетеді.Спартакиадаға спортты серік еткен нәзік жандылар да белсенді қатысып жатқанын айта кетейік.