Елімізде жаңа ғарыштық кешен іске қосылды

Бүгін Ұлттық ғарыш орталығында космонавт күнін атап өтті.

Осыған орай елімізде алғашқы, жер-үсті ғылыми эксперименттік кешен іске қосылды. Отандық ғАлымдар зерттеу жүргізу үшін, бұл аса қажет деп санайды. Бұл ғарыш кемесінің бөлімі іспетті. Онда әртүрлі эксперименттер жасауға болады. Іс-шарада, қазақстандық ғарыш саласын дамыту перспективалары талқыланды.

Сапар Ысқақов, "Бабалар ізімен" ғылыми экспедициясының жетекшісі:

- Қазақстанда космодром бар, Байқоңыр. Бізден қаншама космич корабльдер ұшып жатыр. Бұлар шетелдің космонавттары, Ресейдің оның ішінде Қазақстанның үш комонавты біздің жерден ұшты. Соған біз өте қуаныштымыз.