Алматыда әкімдігінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілікті

Алматы әкімдігінің бірқатар қызметкерлері ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, күдіктілер сот шешімімен тәркіленген үйлерді сатқан. Атап айтсақ, 3 коттедж, 2 пәтерді нарықтағы бағадан біршама арзан етіп, пайда тапқысы келген. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, күдіктілердің арасында  Ұлттық экономика министрінің орынбасары Ілияс Өсеров те бар. Ол бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді жүргізуде. Тексеру барысында ком меншікті өткізу тәртібін бұзу анықталып, бағалау туралы жалған есептер негізінде тікелей үлесте жеке тұлғаларға төмен бағада сатылғаны анықталды. Олардың қылмыстық әрекеті нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 800 млн теңгеден асты.