Екібастұзда тауар-материалдар ұрлаған автобаза басшылары анықталды

Екібастұздағы «Богатырь көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшыларының қылмыстық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облыстық департаменті анықтады. Автобаза директоры лауазымды тұлғалармен тауар-материалдар ұрлап, 45,5 миллион теңге келемінде материалдық залал келтірді деген күдікке ілінді. Қылмыстық жүйе көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін есептен шығару, жаңасын алу және оларды орнатуды секілді жалған құжаттарға қол қоюдан тұрған. Күдіктілер ұсталып, бірнеше жүк көлігінің қозғалтқыштары мен қораптары тәркіленді. Сот кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерді «үй қамаққа» жіберді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.