Ұлытау облысында 2,5% несиеге өтініш қабылдау басталды

Ұлытау облысында жастарға арналған шағын несиеге өтініштер қабылдау басталды.

35 жасқа дейінгі азаматтарға берілетін қарыздың ең жоғары мөлшері 5 млн теңге. Жылдық пайыздық үстемесі 2,5 процент. Несие жаңа кәсіп бастауға немесе оны кеңейтуге беріледі. Бағдарламаға қатысамын деген жастар үшін бірнеше шарт қойылған. Қаржылық қылмысы жоқ, жалған кәсіпкерліктен аулақ болуы керек. Несие көлемі  өтініш иелерінің бизнес жоспарының маңыздылығына қарай сараланады. Өңірде жалпы сомасы 345 млн теңгеге 69 шағын несие беру жоспарда.

Ләззат Амангелді, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы:

- Несие беру мерзімі 5 жыл. Мал шаруашылығы бағытындағы жобаларға  - 7 жыл. Несие алу үшін қойылатын негізгі шарт-кепілдің болуы.