Астанаға қалың қар жауды

Астанада ауа райы күрт суытып, қалың қар түсті. Жел тұрып, ақтүтек боран салдарынан бірқатар жолдар жабылды. Әуе рейстері тоқтатылып қоғамдық көліктердің қатынауына шектеу қойылды. 

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

-Астанада бір-ақ күнде қар басып салды. Боран мен көктайғаққа байланысты Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында  республикалық маңызы бар жолдардың 25 учаскесінде қозғалыс шектелді. Ал Астанада қала маңына қатынайтын 16 автобустың қозғалысы тоқтатылды. Синоптиктердің болжауынша, қар дүйсенбіге дейін жауады. Автожолдарда 300 арнайы техника мен 350 маман жұмылдырылды. Сондай-ақ Астана - Өскемен, Астана - Тараз бағытындағы әуе рейстері кейінге шегерілді. Қазір жолаушыларға қажетті жағдай жасалып жатыр.  

112-желісіне 14 сәуір сағат 14:00-ден бастап әртүрлі сипаттағы 3000-нан астам қоңырау түсті. Астана қ. ТЖД бөлімшелері желдің қатты болуынан металл конструкциялардың, қаптау плиталарының құлауы, проф парақтардың құлауы, электр сымдарының тұйықталуы салдарынан 10-нан астам рет шақыртуларға шыққан.

Жолдың нашар көрінуіне, қатты жел мен боранға, көктайғаққа байланысты барлық алты бағыт бойынша жабылған автожолдар ашылып қозғалып қалыпқа келді.  

Республикалық автожолдардың 6 учаскесінде жол қозғалысына енгізілген уақытша шектеу алынды

Бұл Ақмола және Қостанай облыстарындағы бірқатар күре жолға қатысты.

Ақмола облысында:

"Екатеринбург-Алматы" тасжолында Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейін;

"Жақсы-Есіл-Бұзұлық" тасжолында Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін;

"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін;

"Жезқазған-Петропавл" тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Знаменка ауылына дейін;

Қостанай облысында

"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолының Октябрьский ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы ашық. Сондай-ақ "Жезқазған-Петропавл" күре жолының Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы ашық.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына барудан бас тарту, сақ болуға шақырып жатыр.

Құтқарушылар жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеуді, үй-жайларда болуға шықыруда. Әсіресе балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды. Егер қатты жел сізді көшеде болсаңыз, жер асты өткелдерінде немесе ғимараттардың кіреберістерінде паналауды ұсынамыз, тіректерден, ағаштардан, билбордтардан, электр желілерінің тіректерінен және сымдардан аулақ болуға тырысыңыз.

- жеке автокөлікті ағаштар мен тозығы жеткен ғимараттардан алыстатып қою қажет;

- терезелерді, есіктерді, мұржаларды және желдеткіштерді мықтап жабыңыз;

- құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа райының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын.

Елордада Қазгидрометтің мәліметінше, 15 сәуірде қар, сырғыма боран, көктайғақ, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел 15-20, екпіні 23 м/с ауа температурасының түнде және күндіз 5-7 аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.