Маңғыстау облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы қорғалды

Маңғыстау облысында прокурорлар 3 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жанның құқығын қорғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 600-ге жуығы – бала. Құзырлы орган қызметкерлерінің айтуынша, мүгедектігі бар тұрғындар оңалту және сауықтыру шараларынан шет қалған. Сондай-ақ кейбіріне әлеуметтік қызмет көрсететін жеке көмекші тағайындалмаған. Анықталған деректер бойынша кінәлі тұлғаларға сөгіс жарияланды. 

Мерген Меңдіғалиев, облыстық прокуратураның басқарма басшысы:

- 3258 осы санаттағы тұлғалардың оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтамасыз етілмегені анықталды. Осы бойынша тиісті прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, көрсетілген тұлғалардың барлығы толықтай қамтамасыз етілді. Яғни, олардың конституциялық құқықтарын қорғалды. Жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.