Жаңаөзендегі жарылыс орны тазартылып жатыр. LIVE

Жаңаөзенде газ жарылысынан қираған тұрғын үй аумағы үйінділерден тазартылып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша күшті жарылыс газ-ауа қоспасынан шыққан. Салдарынан 2 қабатты баспананың 150 шаршы метр аумағы бүлінді.

Қайырлы күн. Таңғы сағат 4-те 2-ықшам аудандағы 12 пәтерлі үйде газ ауаға тарап, артынша жарылыс болған. Салдарынан 3 пәтер қирап, 1 адам көз жұмды. Марқұм 29 жастағы ер адам. Тағы 12 тұрғын зардап шекті. Соның 5-уі Жаңаөзен ауруханасында жатыр. Екі науқас жансақтау бөліміне түссе, қалғаны травмотология бөлімшесінде. Апат орнында құтқарылған балаларға амбулаториялық ем көрсетілуде. Баспана көгілдір отын құбырынан ажыратылған. Қала халқы таңсәріден жиналып, осы жерде жүрген 300-дей құтқарушыға көмектесіп жатыр. Аймақ әкімі де осында. Жедел штабтың жұмысын үйлестіруде. Сенім телефоны жұмыс істеп тұр, оның номері 87292319099.