Оңтүстікте жанармай ұрлаған 95 жүргізуші ұсталды

Ішкі істер министрлігі көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, ел оңтүстігінен жанар-жағармай материалдарын әкетуге жол бермеу бойынша рейд жүргізді.

10 сәуірде басталған жедел алдын алу шарасы кезінде Жамбыл және Түркістан облыстарында 95 жүргізуші жауапқа тартылды. Олардың көбі жанармайды көлігіне шамадан тыс құйып, жасырын экспорттағысы келген. 27 әкімшілік іс бойынша көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынды. Полиция рұқсатсыз қосымша отын бактарын орнататын жүргізушілерді анықтау жұмысын жалғастырады.