Астанада А. Мұхамедиұлының сот отырысы өтіп жатыр

Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының сот отырысы бүгін өтіп жатыр.

Ол соттан бұлтартпау шарасын өзгертуді және оны үй қамаққа жіберуді сұрады. Денсаулық жағдайының нашарлағанын айтты. Іс бойынша тыңдалым Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Істі судья Бағлан Ыдырысов қарайды. Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысына №64 мекемеден онлайн режимде қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, музейдің экс-басшысына бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.