Үкіметте Алматы агломерациясын дамыту жоспары талқыланды

Алматы және Алматы агломерациясын дамыту шаралары Үкіметте талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министр шаһарға жұмыс сапары аясында мемлекеттік органдарға 28 тапсырма берген еді. Ол – отандық тауар өндірушілерді қолдау, «Алтынкөл» теміржол стансасын дамытудың бас жоспарын әзірлеу, құрылыс саласындағы бақылауды күшейту. Әлихан Смайылов Алматының үлгісімен республиканың барлық өңірінде шағын өнеркәсіп парктерін құруды тапсырды. Жиында көтерме сауда-логистикалық орталықтар желісін дамыту жоспары да талқыға түсті. Сейсмоаудит жүргізу туралы баяндама тыңдалды. Үкімет басшысы әкімдік пен бизнес түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешуі тиіс деді.